Илон Масктың кімнен таяқ жегені белгілі болды

756

Америкалық миллиардер Илон Маскты АҚШ-тың қаржы министрі Скотт Бессент ұрып, көзін көгерткен. Олардың арасындағы жанжал Ақ үйде болыпты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Илон Масктың кімнен таяқ жегені белгілі болды Фото: Fox News

Ақ үйде болған жанжал туралы ақпарат құралдарына Дональд Трамптың экс-кеңесшілерінің бірі айтып берген.

Сәуірдің ортасында Маск пен Бессент президент кабинетіне кіріп, шенділердің бірін тағайындауға қатысты пікірін айтуға тиіс болыпты. Бірақ Трамп Бессенттің айтқанын орындаған.

Экс-кеңесшінің сөзінше, Бессент пен Маск кабинеттен шығып, дәлізбен кетіп бара жатқанда бір-бірін балағаттай бастаған. Сондай-ақ қаржы министрі миллиардерді "алаяқ" деп атаған көрінеді.

"Кейін Маск "регби ойнындағыдай" иығымен Бессентің кеуде тұсынан ұрған. Ал Бессент жауап қайтарып, Маскқа жұдырық ала жүгірді. Бірнеше адам араласып, оларды ажыртып алған", – делінген хабарламада.

Дәл осы кезде Маск пен Трамптың қарым-қатынасы ушыға бастапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу