"Imam AI" жасанды интеллект негізінде істейтін мобильді қосымшасы іске қосылады

126

Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2026 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді. 

"Imam AI" жасанды интеллект негізінде істейтін мобильді қосымшасы іске қосылады Фото: veb.go

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, сенімді дереккөздерге сүйеніп, діни сұрақтарға лезде жауап беретін "Imam AI" мобильді қосымшасын әзірлеп іске қосады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Заман талабына сай біз де жасанды интеллект мүмкіндіктерін діни салада жүйелі түрде енгізуді қолға алуымыз қажет. Бұл, ең алдымен, халықтың діни сұрақтарына жедел әрі сенімді жауап беруге, сондай-ақ дін қызметкерлерінің жүктемесін азайтуға жол ашады", – деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айтуынша, жасанды интеллекттің көмегімен діни сұрақтарға жауап беретін арнайы мобильді қосымшаны әзірлеу қажет.

"Мұндай қосымша халықтың күнделікті өмірде туындайтын діни сұрақтарына лезде жауап алуға, ең бастысы сенімді, тексерілген дереккөздерге негізделген дұрыс мәліметке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін, сенімді дереккөздерге сүйеніп, діни сұрақтарға лезде жауап беретін "Imam AI" мобильді қосымшасын ұсынатын боламыз", – деді Бас мүфти.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу