Imanbek лақап атымен танылған отандық музыкант әрі диджей Иманбек Зейкенов тағы да "Грэмми" сыйлығына үміткер атанды. Ол Latin Grammy марапатына ұсынылып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Иманбектің аргентиналық әнші Taichu-мен бірге жазған Ella Quiere Techno композициясы "Best Latin Electronic Music Performance" санатында номинант атанды. Бұл номинацияда Orión (Sistek Remix), Qqqq, Rulay En Dubai және Veneka әндері де бағын сынайды.
Қорытынды дауыс беру 1 қазанда басталады. Жеңімпаздардың есімі 13 қарашада Лас-Вегас қаласында жарияланады.
Айта кету керек, 2021 жылы DJ Imanbek "Грэмми" сыйлығына ие болғанын жазған едік. Оның Saint Jhn-ның "Roses" әніне жасаған ремиксі үшін "Best Remixed Recording (non-classical)" номинациясында үздік деп танылды.
Таймс-скверде Иманбектің суреті бар экран пайда болды.