Иманбектің әкесі марапатталды

1033

Павлодар облысы төтенше жағдайдар департаменті марапат DJ Imanbek-тің жетістігіне қатысы жоқ екенін атап өтті.  

Иманбектің әкесі марапатталды

Наурыз мейрамы қарсаңында Ақсу горнизонының басшылығы азаматтық қорғаныс саласының ардагері Марат Сүлейменовке I дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медалін табыстады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Медаль оған департаменттің жеке құрамы мен ардагерлер кеңесінің атынан берілді.

Марат Сүлейменов – "Грэмми" сыйлығын алған қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновтің (DJ Imanbek) әкесі.

Қазір ол "Павлодар облысы бойынша төтенше жағдайдар департаментінің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарының қызметі" мекемесінде аға прапорщик болып жұмыс істейді.

Марат Сүлейменов бұл мекемеде 1996 жылдың 5 шілдесінен бастап істейді. Осы уақытқа дейін №11 өрт сөндіру қызметінде көлік жүргізушісі, аға жүргізуші болған.

Еске салайық, осыған дейін Иманбек Зейкенов (DJ Imanbek) америкалық рэпер SAINt JHN-ның Roses әніне ремикс жазып, "Грэмми" сыйлығын жеңіп алғаны хабарланған еді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу