Иманғали Тасмағамбетов "КАМАЗ-дың" директорлар кеңесіне мүше болуы мүмкін

2172

"КАМАЗ" ЖАҚ-тың жиналысы 4 маусымға жоспарланып отыр.    

Иманғали Тасмағамбетов "КАМАЗ-дың" директорлар кеңесіне мүше болуы мүмкін

Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Иманғали Тасмағамбетов "КАМАЗ" компаниясының директорлар кеңесіне мүше болуға кандидат ретінде ұсынылды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ресейлік компанияның сайтына сілтеме жасап.

Директорлар кеңесіне үміткер ретінде ұсынылғандардың арасында 
автоөндіруші кәсіподағының жаңа басшысы Кирилл Пузырьков та бар. 

"9 наурызда кандидаттар кеңестің сырттай дауыс беру қорытындысы бойынша ұсынылған", - деп жазылды хабарламада.

Сонымен қатар, "КАМАЗ" директорлар кеңесінің үміткерлер тізіміне оның қазіргі төрағасы, "Ростех" басшысы Сергей Чемезов және тағы 8 кандидат енді: "Ростех" бас директорының орынбасары Игорь Завьялов, "Ростех" авиациялық кешенінің индустрия директоры, бұрынғы қорғаныс министрі Анатолий Сердюков, "КАМАЗ" бас директоры Сергей Когогин, "Daimler AG" компаниясының вице-президенті Вольфрам Шмид, "Daimler AG" жүк машиналары мен автобустары стратегиясының басшысы Ян Крениг, сондай-ақ "Варданян, Бройтман и партнеры" компаниясының президенті Рубен Варданян, осы компанияның бас директоры Михаил Бройтман және Татарстанның премьер-министрі Алексей Песошин. 

"КАМАЗ" жария акционерлік қоғамының (ЖАҚ) жылдық жиналысы 2021 жылдың 4 маусымына жоспарланған. Оған қатысуға құқығы бар адамдардың тізімі 11 мамырда анықталуы тиіс. Директорлар кеңесін өткізу формасын 5 мамырға дейін анықтау жоспарда бар", - деп жазылған хабарламада.

Жиналыста "КАМАЗ" директорлар кеңесінің құрамына кіретін кандидаттарды анықтаудан басқа, компанияның жылдық есебін және өткен жылғы бухгалтерлік есепті бекіту, компанияның 2020 жылғы кірісін бөлу мәселелері қаралады.

Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған еді.  

Кирилл Пузырьков – "КАМАЗ" кәсіподағының экс-басшысы Александр Васильевтің мұрагері. Ол 2020 жылдың 6 қазанында кенеттен қайтыс болған.

Еске салайық "КАМАЗ" – Ресейдегі ең ірі жүк көлігін өндіретін кәсіпорын. Компанияның негізгі акционерлері: "Ростех" – 47,1%, "Автоинвест" ЖШС – 23,54% ("СПАРК-Интерфакс" мәліметтері бойынша), "Автоинвест" ЖШС-да және Виталий Мащицкийде – 50%, "КАМАЗ" бас директоры Сергей Когогинде – 30%, Рубен Варданянда – 20%, "Daimler Truck AG" неміс компаниясында – 15%, Татарстан Үкіметіне тиесілі "Связьинвестнефтехим" АҚ-да – 2,8%.

Дәурен Ерболат

Фото: qazdauiri.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу