Импорт 3,3% қымбаттап, экспорт 8,6% арзандады

639

Импорттық өнімдерден жемістердің бағасы 8,8%, жидектер мен жаңғақтардың бағасы 6,6% өсті. 

Импорт 3,3% қымбаттап, экспорт 8,6% арзандады

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, бұл – биылғы жылдың тоғыз айының қорытындысы. 
2020 жылдың қыркүйегінде өткен аймен салыстырғанда мырыштың экспорттық бағасы 13,4%-ға, қорғасынның бағасы  8,9%-ға, түсті металл құны 8,5%, мыс 6,4%, мұнай  3,1% және ферроқорытпалар бағасы 1,6%-ға өсті. 

Ал көмірдің экспорттық бағасы керісінше 6,3%-ға төмендеді. 
Сонымен қатар жармалар 15,3%, бидай 0,4% қымбаттады. Ал күріш  2,1%, арпа 0,1%-ға арзандады. 

Импорттық өнімдерден жемістердің бағасы 8,8%, жидектер мен жаңғақтар 6,6%, өсімдік майы 6,2%, қант 5,4%, кофе 1,7%, шай 1,4%, құс етінің бағасы 0,7%-ға өсті. Ал какао 7,7%, темекі 5,8%, импорттық күріш 4,7% арзандады. 

Аяқ киім 5,8%, қағаз 3,7%, тоқыма бұйымдары 2,1%, ағаш 1,4%, фармацевтикалық тауарлар 0,7%, көлік құралдары 0,2%, құрылыс заттары 0,5%-ға қымбаттады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу