banner

Импорт көлемі артты

Сырттан әкелінетін тауарлар бағасы 2,1 есе өскен. 

Импорт көлемі артты Фото: 7kun.kz

Биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Қазақстанға 39,5 млрд доллардың өнімдері импортталды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,4%-ға жоғары.

Былтыр көрсеткіш 33,3 млрд доллар болатын. Саладағы өсім импорттық өнімдер бағасының өсуімен байланысты. Орташа есеппен баға 2,1 есе артты. Ал импорттың нақты өсімі 6,2%-ды құрайды.

Қайта өңдеу өнеркәсібінде импортының үлесі Атырау, Ұлытау, Қызылорда облыстарында және Алматы қаласында жоғары. Көрсеткіш шамамен 97%. Шығыс Қазақстан облысы мен Түркістан облыстарында шикізат импортының үлесі 44%.

"Импорт қымбатқа түсетін кезеңде ішкі қажеттіліктерді өтеу үшін өңірлерде отандық өндірісті дамытуға баса мән беру керек", – деп есептейді QazTrade сарапшылары.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу