Импорт және экспорт: Қазақстанның сыртқы сауда айналымы қанша долларды құрады?

Экспорт бойынша негізгі серіктес елдердің көшін Италия бастады.  

Импорт және экспорт: Қазақстанның сыртқы сауда айналымы қанша долларды құрады? Фото: businessmir.kz

Ал импортта Қытайға жететін ел болмай тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жалпы, 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 103 407,2 млн АҚШ долларын құраған. Мұндай мәліметті Ұлттық статистика бюросы таратты.

Сонымен, 9 айдағы экспорт көлемі 57 500,4 млн АҚШ долларын көрсетті.

Экспорт бойынша негізгі 5 серіктес ел:

  • Италия (21%);
  • Қытай (18,8%);
  • Ресей (10,3%);
  • Нидерланд (7,6%);
  • Түркия (4,8%).

Ал Өзбекстан 4,4 пайызбен 6-орында тұр.

Экспорт құрылымында ең үлкен үлес шикі мұнай және мұнай өнімдері, мыс және мыс қорытпалары, радиоактивті химиялық элементтер, кен мен мыс концентраттары және т.б. тауарларға тиесілі.

2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы Қазақстанның импорт көлемі 45 906,8 млн АҚШ долларын құраған.

Импорт бойынша негізгі 5 серіктес елдің көшін Қытай (29,5%)бастаған. Одан кейінгі орындарға Ресей (29,1%) және Германия (4,5%) жайғасқан. Ал АҚШ 3,6 пайызбен төрттікті түйіндесе, Корея Республикасы (3,6%) үздік 5 елдің қатарында бар.

Импорт құрылымында ең үлкен үлес жеңіл автомобильдер, дәрілік заттар, моторлы көлік құралдарына арналған кузовтар, телефон аппараттарына бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу