Індет жұқтырған 776 медицина қызметкеріне төлем төленді

834

Қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің туыстарына МӘСҚ-тан төлем жүргізілді.

Індет жұқтырған 776 медицина қызметкеріне төлем төленді

770-тен астам медицина қызметкері COVID-19 инфекциясы мен пневмония жұқтырған 770-тен астам дәрігерге МӘСҚ-тан төлем төленді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"24 тамыз сағат 9.00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 776 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 3 медицина қызметкерінің өтініш бойынша ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды",– деп жазылған министрліктің хабарламасында.

Айта кетсек, төлем төленетін медицина қызметкерлерін өңірлердің және республикалық маңызы бар қалалардың денсаулық сақтау басқармалары жанындағы арнайы комиссиялар анықтайды. Ал өтінімдерді жинақтауды Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырады, одан кейін өтінімдер электрондық іс макеттерін қалыптастыру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-қа беріледі, кейін төлем тағайындау үшін МӘСҚ-ға жіберіледі.

Алматы облысында – 79, Ақмола облысында –79, Алматы қаласында – 74 және Нұр-Сұлтанда 69 Батыс Қазақстан облысында 67 медицина қызметкеріне төлем жүргізілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу