Индира Тұрсынбай "Balapan" телеарнасының директоры болып тағайындалды

1394

Журналист, продюсер Индира Тұрсынбай "Balapan" телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Индира Тұрсынбай "Balapan" телеарнасының директоры болып тағайындалды Фото: facebook/Индира Тұрсынбай

"Қазір "Balapan" телеарнасының алдында тұрған негізгі міндет - балалар контентін өндірушілер арасындағы бәсекелестікте алда болу, анимация өндірісін кеңейту. Ол үшін ең алдымен өнімдер сапасын бұдан әрі арттыру мақсаты тұр. Бүгінде балалар контентін өндіретін түрлі отандық және әлемдік жаңа платформалар пайда болды, бәсекелестік мықты болғандықтан, телеөндірісте креативті идеяларды іске асыру маңызды. Бұл бағытта нарықтағы жаңашыл маман ретінде Индира Тұрсынбайдың тәжірибесі балалар арнасы үшін пайдалы болады деп сенеміз", - деді Корпорацияның Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Сондай-ақ, басқарма төрайымы бұған дейін телеарнаға жетекшілік еткен Қымбат Досжанға алғыс білдірді.

Индира Есалықызы 1983 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Теле және радиожурналистика" мамандығы бойынша бітірген. Журналистика магистрі.

2003 жылдан бері "Qazaqstan", "Астана", "Евразия+ОРТ", "Almaty" телеарналарында жүргізуші, журналист, жаңалықтар тілшісі болып еңбек еткен.

Соңғы жылдары жеке продакшн компанияларда ("КазБизнесМедиа" және “Qazaq dreams”) басшылық қызметтер атқарды.

Тұрмыста, екі баланың анасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу