Индонезияда 8 әуежайдың жұмысы тоқтатылды

286

Бұған Анак-Кракатау жанартауының атқылауы себеп болып отыр.  

Индонезияда 8 әуежайдың жұмысы тоқтатылды Фото: Reuters

Соның салдарынан 1500-ден астам рейс кейінге шегерілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

170 мыңға жуық жолаушыға рейстерін күтуге мәжбүр. Жанартаудың белсенділігі жұма күні басталған. Кей жерлерде күл 15 шақырым биіктікке көтерілді. Бірнеше өңірде мектептер қашықтан оқуға көшті.

Елдің Табиғи апат салдарымен күрес агенттігі жасанды түрде жаңбыр жаудыру операциясы қолға алынуы мүмкін деп мәлімдеді. Индонезияда Анак-Кракатау жанартауы қайта оянып, 2 шілдеге дейін Анак-Кракатау ауданында қауіп-қатердің ең жоғары деңгейі жарияланған болатын.

Билік өкілдерінің айтуынша, күл бірнеше аймаққа, оның ішінде ел астанасы Джакарта мен Сумарта аралының аумағына дейін жайылған

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу