Индонезияда табиғи апат салдарынан 150-ге жуық адам табылмай жатыр

Нөсер жаңбырдан туындаған су тасқыны мен көшкінінен кемі 16 адам көз жұмған. 

Индонезияда табиғи апат салдарынан 150-ге жуық адам табылмай жатыр Фото: asiaone.com

Еuronews елдің Солтүстік Сулавеси провинциясында 140-тан аса үй су астында қалғанын жазады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Желтоқсанда болған дүркін-дүркін су тасқынынан соң ел бойынша 148 адам әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кеткен. 680-нен астам тұрғын уақытша баспана ретінде шіркеу мен қоғамдық ғимараттарға орналастырылған.

Ұлттық төтенше жағдайларды басқару агенттігі құтқарушылардың Сулавесидің солтүстік шетінен 130 шақырым жерде орналасқан шағын Сиау аралындағы төрт қираған ауылға аттанғанын мәлімдейді. 

Солтүстік Сулавеси іздестіру-құтқару басқармасының өкілдері күн райы жақсарып, су деңгейі төмендегеннен соң 16 адамның мәйіті табылғанын хабарлаған. Құтқару жұмыстары тұтас 3 адамды іздеумен жалғасып жатыр.

Аймақ билігі 14 күндік төтенше әрекет ету режимін жариялап үлгерді. Бұл шешім апаттан 25 адам зардап шеккеннен кейін гуманитарлық көмекті жедел жеткізуге, эвакуацияны және инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталған.

Бұл желтоқсан айында Индонезияның ең ірі аралы – Суматрадағы 52 қала мен ауданды қамтыған су тасқындарынан кейін тіркелді. Ол кезде 1200-ге жуық адам қаза тауып, 7 мыңнан аса адам жарақат алған еді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу