Индонезияда жанартау атқылап жатыр

1780

Индонезия – жанартау қауіптілігі жоғары аймақта орналасқан мемлекет. 127 құбылмалы жанартау дәл осы елдің аумағында орналасқан.

Индонезияда жанартау атқылап жатыр

Индонезияның Сулавеси аралында Карангетанг жанартауы атқылап, жүздеген тұрғын баспанасын тастап қашуға мәжбүр болды, деп хабарлайды 24.kz.

Жанартау лавасы екі елдімекенге кірер жолды басып қалған. Зардап шеккендерге көмекті теңіз арқылы жеткізуге тура келген. Қауіпті аймақтан 132 адам эвакуацияланды.

Айта кетейік, Индонезия – жанартау қауіптілігі жоғары аймақта орналасқан мемлекет. 127 құбылмалы жанартау дәл осы елдің аумағында орналасқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу