Индонезиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандық жоқ - СІМ

877

Өткен жексенбі күні индонезиялық Ломбок аралында қатты жер сілкінісі тіркелді. Апат салдарынан қаза тапқан адамдар саны 91-ге жетті. 

Индонезиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандық жоқ - СІМ

Индонезиядағы жер сілкінісінен кейін қаза болған немесе жарақат алғандардың арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралыҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтемемен ҚазАқпарат хабарлайды.

"Индонезияның табиғи апатпен күрес жөніндегі агенттігінің  алдын ала ақпаратына сүйенсек, жер сілкінісі салдарынан қаза болған немесе жарақат алған Қазақстан азаматтары тіркелмеді. Олар бұл жайында Қазақстан консулына тиісті мәліметтерді ұсынды. Бүгінде Индонезия билігімен үнемі байланыста отырмыз. Егер де сол елден ақпарат болған жағдайда, қосымша хабарлаймыз", - деді ҚР сыртқы істер министрлігінің мәліметінде.

Бұдан бұрын хабарланғандай, өткен жексенбі күні индонезиялық Ломбок аралында қатты жер сілкінісі тіркелді. Апат салдарынан қаза тапқан адамдар саны 91-ге жетті.

Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, Ломбок аралында 6,6  балдық жер сілкінісі болған. Жерасты дүмпуінің эпицентрі Матарам қаласынан (319 мың тұрғыны бар) солтүстік-шығысқа қарай 49 шақырым жерде орналасқан. Зілзала ошағы -  10 шақырым тереңдікте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу