Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі өзгерді

487

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Қарабаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалды.  

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі өзгерді Фото: primeminister.kz

"Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымына тағайындалсын", делінген Мемлекет басшысының жарлығында, деп жазады inbusiness.kz.

Сондай-ақ, Президенттің Жарлығымен Қайырбек Өскенбаев Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды

Марат Қарабаев Кәрімжанұлы 1987 жылы 4 шілдеде дүниеге келген.2010 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Уорвик (Ұлыбритания) университетін – "Өндірісті-жүйелік инженерия" мамандығы бойынша үздік аяқтаған, 2015 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "Экономика" мамандығы бойынша аяқтаған.

2011 мен 2013 жылдар аралығында Ауыл шаруашылығы министрлігі, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде сарапшы және бас сарапшы лауазымдарында қызмет атқарды.

2013 жылдан бастап Көлік және коммуникациялар министрлігінің Транзит және көлік логистикасы департаментінде басқарма басшысы лауазымында қызмет атқарды.

2014 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары.

2015 жылғы қарашадан бастап 2017 жыл аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.

2018 жылғы мамырдан 2020 жылғы шілде аралығында – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаментінің директоры.

2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін-ИИДМ Индустриялық даму комитетінің төрағасы. 2021 жылғы шілдеден бастап Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі болды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу