Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

725

Серік Жәмекұлы Оспанов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары тағайындалды

 Бұған дейін ол министрдің кеңесшісі қызметін атқарды.

Серік Оспанов 1964 жылы Атырауда дүниеге келген. 1986 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 2010 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған.

Әр жылдары ол Ақтау қаласының әкімі, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы, сонымен қатар ҚР Парламенті Мәжілісінің үш шақырылымының депутаты болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу