"Инфаркт алған": Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты ақпарат шықты

583

Қазір Сара Назарбаева үйде дәрігерлердің бақылауында.

"Инфаркт алған": Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты ақпарат шықты Фото: @bobek.samppoznanie

Тұңғыш Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулығына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"БАҚ өкілдері мен азаматтардың Сара Алпысқызы Назарбаеваның денсаулығына байланысты жолдаған көптеген сауалдарына жауап ретінде келесіні хабарлаймын. Сара Назарбаева 2025 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Алматы қаласындағы Ұлттық госпиталінде емделіп жатты. Сол кезеңде ол ауыр миокард инфарктін бастан кешірді. Дәрігерлер ұзақ уақытқа созылған ауыр қант диабеті мен үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі аясында дамыған жүректің ишемиялық ауруын, жүрек және өкпе жеткіліксіздігін анықтады", – делінген мәлімдемеде. 

Айдос Үкібайдың айтуынша, Сара Назарбаева ұзақ уақыт бойы өкпені жасанды желдету және жасанды бүйрек аппараттарына қосылған күйде болды. Биыл қаңтарда жағдайының тұрақтануына байланысты стационарлық емдеу кезеңі аяқталғаны белгілі болды.

"Қазіргі уақытта Сара Алпысқызы Алматы қаласында үй жағдайында дәрігерлердің бақылауында", – деді Айдос Үкібай.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу