Инфекцияны анықтайтын тестердің 80%-ы тегін жүргізілді

608

Наурыз айынан бері 1 млн 400 мың сынама алынған.

Инфекцияны анықтайтын тестердің 80%-ы тегін жүргізілді

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті. 

"Наурыз айында елімізде 34 зертхана болды. Күніне 12 мың адамнан сынама алатынбыз. Қазіргі кезде 56 зертхана бар. Күніне 30 мыңға дейін зерттеу жүргіземіз. Наурыз айынан бері 1 млн 400 мың зерттеу жүмыстары жүргізілсе, оның 80%-ы тегін болды. Бұл ретте ПТР тест диагностикалық шара екенін еске салғым келеді. Яғни, ол нақты белгілер бойынша жасалады. Олар клиникалық және эпидемиологиялық деп екіге бөлінеді. Клиникалық белгі бойынша тестке дәрігер жібереді, ал эпидемиологиялық шара ретінде байланыста болғандар мен әскерге шақыртылғандар мен өзгелері тексерістен өтеді", – деген мемлекеттік бас санитарлық дәрігер қазақстандықтарды бетпердені дұрыс тағуға шақырды. 

"Барлық жерде қашықтықты сақтап, бетперде тағу қажет. Бетпердені иекке емес, дұрыстап тағу керек. Мұндай жағдайды жиі байқаймыз. Үнемі қолды жуып, бетіңізді ұстамаңыз", – деді ол. 

Құралай Құдайберген
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу