Инфляция деңгейі 8-8,5% шегінде болады

661

Үкімет пен жергілікті атқарушы орган ақша-кредит саясатын іске асыруға атсалысуы керек. 

Инфляция деңгейі 8-8,5% шегінде болады

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ақша-кредит саясаты бойынша баяндама жасады. Ол 2020 жылғы инфляция деңгейі 8-8,5% шегінен аспайтынын айтты. 

"Ұлттық банк қолда бар құралдарды пайдаланады. Сонымен қатар Мемлекет басшысының монетарлық емес инфляцияны төмендету тапсырмасын жүзеге асырады. Бұл үшін үкімет пен жергілікті атқарушы органдарға нарықты тауармен толтыру, жеткізу тізбегін оңтайландыру, алыпсатарлыққа жол бермеу, импортқа тәуелділікті азайту бойынша шара қабылдау қажет. Бұл ақша-кредит саясатын іске асырудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді", – деді Ерболат Досаев.

Ұлттық банк төрағасының түсіндіруінше, қаржы реттеушісі экономиканы
бұдан бұрын қабылданған дағдарысқа қарсы шаралар мен жаңа бастамалардың негізінде қалпына келтіруге күш жұмсайды. 

"Ұлттық банк пен қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі үкіметпен бірлесіп, шілденің соңына дейін әлеуметтік-экономикалық ахуал нашарлаған жағдайда салаларды қолдаудың қосымша шаралар топтамасын дайындайды", – деді Ерболат Досаев.

Қанат Махамбет
Фото: i2.hexunimg.cn

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу