Инфляция шарықтап тұрған кезеңде қандай қаржы құралына ақша салған тиімді?

597

Инфляция шарықтап, әлемді рецессия күтіп тұрған кезеңде қандай қаржы құралына ақша салған тиімді? Бұл жеке инвесторларды алаңдататын маңызды сұрақ. Теңгелік салымдарға өтемақы төлеу бағдарламасы осы ақпанда аяқталады, ал халықаралық акция нарығы құлдырап жатыр. 

Инфляция шарықтап тұрған кезеңде қандай қаржы  құралына ақша салған тиімді?

Нарықтағы ахуал инвесторлардың көңіл күйіне әсер етпей қоймасы анық. Сондықтан, инвесторлардың стратегиясы да нарықтағы жағдайға байланысты.

Брокерлердің сөзінше, АҚШ -тың федералды қор жүйесі ставкасын көтергелі америкалық құралдарға ақша құю үрдісі байқалады. Одан бөлек, акциялар мен облигациялардың құны түсіп жатыр. Осындай ұрымтал тұста тиімді бағамен сатып алып, көзін таба білетіндерге жақсы мүмкіндік. Ал, елдегі базалық ставканың өсуі теңгелік құралдардың да тартымдылығын арттырды. 

"Инфляция өскен соң базалық ставка көтеріліп, теңгелік құралдардың табысы артты. Тек депозит ғана емес, облигациялардың кірісі жақсы. Мысалы, Қаржы министрлігінің облигациясы 15-16 пайыз.

Бұл деген жақсы табыс. Одан бөлек корпоративті эмитентердің  20 пайыз пайда беретін акцияларын да сатып алуға болады. Иә, инфляция жоғары. Бірақ биыл түседі деген болжам бар. Егер ол баяуласа, нарықтық ставкалар да түседі деген сөз. Сондықтан қазір кірісі жоғары құралдар сатып алуға керемет мүмкіндік туып тұр", дейді Halyk Finance АҚ Басқарма басшысының орынбасары Роман Асылбеков. 

Айтпақшы, теңгелік салымдарды инфляциядан қорғау үшін мемлекет 10 пайыз көлемінде өтемақы төлеу туралы шешім қабылдаған. Биыл бұл мақсатқа 300 мрлд теңге көлемінде қосымша сыйақы төленеді.  Алайда, бұл жоба әрі қарай жалғаса ма, осымен тоқтай ма, әзірге белгісіз. Осы ретте мамандар облигациялар ақша салуға кеңес береді. Яғни, қазіргі ставкалармен бекітіп үлгеруге болады дейді. Сол секілді мамандар әр түрлі сенімді қаржы құралына  ақша құйып, инвестициялық портфельді әр тараптандыруға кеңес береді. Осылайша тәуекелдердің алдын алуға болады.  

"Әлемдік рецессияға байланысты инвесторлар акциялар нарығына үреймен қарайды. Себебі, акциялар нарығын құлап жатқанын көріп отырмыз. Бірақ бәрі де инвестордың "тәбетіне" байланысты. Өзінің табысын арттыру үшін тәуекелге баруға қаншалықты дайын? Мәселе осында", "Орталық депозитарий" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Еділ Медеу.  

Айта кетейік, Орталық депозитарийдің статистикасы бойынша былтыр жеке инвесторлардың брокерлік шоты төрт есе өсіп, 963 мыңға жеткен. Бұл Қазақстанның қор нарығының тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Мамандар мұны шот ашудың қолжетімдігімен және цифрлы қызметтердің көбеюімен байланыстырды. Сонымен қатар, ҚазМұнайгаздың халықтық IPO ға шығуы нарықтың көрігін қыздырды. Қазақстандық инвестордың орташа жасы 35 пен 54  жас аралығында. Өңірлер бойынша алғанда, Алматы мен Астана көш бастап тұр.

Инфляция шарықтап, әлемді рецессия күтіп тұрған кезеңде қандай қаржы құралына ақша салған тиімді? Бұл жеке инвесторларды алаңдататын маңызды сұрақ. Теңгелік салымдарға өтемақы төлеу бағдарламасы осы ақпанда аяқталады, ал халықаралық акция нарығы құлдырап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу