"Инфляция жалақының құнсыздануына әсер етіп отыр"

1138

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет мүшелері азық-түлік тауарларын өндіру көлемін арттыруға, ішкі нарықта тауарлардың жеткілікті болуына, энергия көздеріне баға белгілеу тетігі мен ақылы қызметтердің тарифтерін қайта қарауға мүмкіндік беретін жүйелі шараларды қабылдауы қажет екенін айтады.

"Инфляция жалақының құнсыздануына әсер етіп отыр"

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент мәжілісінде сөйлеген сөзінде инфляция мәселесіне ерекше көңіл бөліп, бағаларды тұрақтандыру міндетін қойды. Инфляция деңгейі былтыр қыркүйектегі 8,9%-дан желтоқсанда 8,4%-ке төмендеді. Бірақ бұл да жоғары көрсеткіш. Бұл адамдардың сатып алу қабілетін төмендетіп, жалақыларының құнсыздануына әсер етеді. Тұтастай алғанда мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік саясатының тиімділігін төмендетеді. Сондықтан инфляция мен баға тұрақтылығына ерекше маңыз берілді", – деді Үкімет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу