Инфляцияның өсуі елдің экономикалық дамуына қатер төндіреді – Қасым-Жомарт Тоқаев

948

Президент үҮімет пен Ұлттық банкке осы мәселені бақылауға алуды тапсырды.

Инфляцияның өсуі елдің экономикалық дамуына қатер төндіреді – Қасым-Жомарт Тоқаев

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында инфляцияны тежеудің маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Басты міндеттердің тізіміне ең алдымен инфляция, оның ішінде азық-түлік инфляциясы мәселелері кіруі керек. Қазақстандағы инфляцияның өсуі біздің елдің экономикалық дамуы мен әлеуметтік әл-ауқатына үлкен қатер болып табылады. Ұлттық банк пен үкімет бұл мәселелерді мұқият шешуі керек ", – деді Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Өз кезегінде Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев баяндамасында реттеушінің болжамына сәйкес, 2021 жылдың аяғында инфляция белгіленген шектен асып, тек 2022 жылдың екінші жартысында 4-6% деңгейіндегі мақсатты дәлізге қайта оралатынын атап өтті. 

Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, биылғы қаңтар-маусымда жылдық инфляция 7,9% -ды құрады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу