"Інісі екеуі мал бағып жүрген": Ақтөбе облысында 14 жастағы бала суға батып кетті

775

Қайғылы оқиға 22 шілдеде кешке Аққұм ауылының маңында болған. 

"Інісі екеуі мал бағып жүрген": Ақтөбе облысында 14 жастағы бала суға батып кетті Фото: pixabay

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында мектеп оқушысы қаза тапты. Жасөспірім інісімен бірге мал бағып жүріп, еріген қар суы жиналған жыраға шомылмақ болған. Алайда судан шыға алмай қалған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

14 және 12 жастағы ағайынды екі бала ауылдан шамамен үш шақырым жерде мал бағып жүрген. Үлкені суға түсуге тыйым салынған жыраға түсіп, бата бастаған. Інісі оны құтқара алмай, полицияға хабар берген.

– Ақпарат полициядан келіп түсті. Аққұм ауылы маңындағы су басқан аумақтан құтқарушылар кәмелетке толмаған баланың денесін алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірім суға түсуге тыйым салынған жерде шомылып жатқанда батып кеткен, – деп хабарлады Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.

Әйтеке би ауданы әкімдігінің мәліметінше, марқұм толық отбасында тәрбиеленген және сегізінші сыныпта оқыған.

Айта кетейік, бұл – шомылу маусымы басталғалы Ақтөбе облысында тіркелген үшінші адам өлімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу