Инклюзия саласында арнайы мамандар тапшы

332

Жас мамандар екінші жартыжылдықта жұмысқа қосылады.

Инклюзия саласында арнайы мамандар тапшы Фото: Үкімет

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев инклюзия саласында кадр тапшылығы қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Бізде бірқатар мамандар тапшы, оны жақсы білесіздер. Мысалы, сурдолог, реабилитолог, логопед. Бұл мәселені қалай шешеміз?", – деп сұрады Премьер-министр Олжас Бектенов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі кадр тапшылығы бар екенін жасырмады.

"Сұраныс бойынша осы жылы елімізге 69 сурдолог, 98 реабилитолог және 2 мыңнан астам логопед қажеттілігі бар. Биыл колледж бен университеттерден жалпы 181 сурдолог, 190 реабилитолог және 1412 логопед оқуын аяқтайды, осы жас мамандар екінші жартыжылдықта жұмысқа қосылады. Жалпы кадр тапшылығы мәселесін Еңбек министрлігі Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктерімен бірлесіп жұмыс жасайды", – деді Асқарбек Ертаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу