Инновациялы қалалардың әлемдік рейтингінде Алматы Астананы басып озды

750

Инновациялы қалалардың әлемдік рейтингінде Алматы Астананы басып озды

Алматы 2016-2017 жылдардағы дамушы нарықтар санаты бойынша 15 үздік инновациялы қала рейтингіне енді, деп хабарлайды LS.

innovaкһtion-cities.com  көрсеткіштеріне сәйкес, шаһар Астананы 20 орын артқа тастап (35-орын) 15-орынға жайғасты. Алматының даму жылдамдығы 49%, ал Астананікі - 28% деп айқындалған.

Алматы Киевті (18-орын), Бакуді (20-орын), Тбилиси (21-орын) және Бішкекті де (30 орын) басып озды.

Үздік бестікке Дубай, Абу-Даби, Кейтаун, Доха және Каир еніп отыр.

Дей тұрғанмен emerging markets-те жақсы көрсеткішпен көрінген Алматы жаһандық рейтингіде 405-ші, Астана – 472-орында тұр.  Ал Мәскеу мен Санкт-Петербор 43-ші және 75-орындарға жайғасыпты. Үздік он қала қатарынан Лондон, Нью-Йорк, Токио, Сан-Франциско, Сан-Хосе, Бостон, Лос-Анжелес, Сингапур, Торонто, Париж көрінді.

Аталмыш тізімді 500-ші болып Кишнаса (Конго Республикасы) тәмамдайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу