Инспекторларға мылтық кезеген браконьер ұсталды

1041

Күдікті қарумен қорқытып, олардың ұялы телефондарын тартып алған, содан кейін із жасырған.

Инспекторларға мылтық кезеген браконьер ұсталды

Түркістан облысында браконьерлер су инспекторларына оқ атты. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Заңсыз балық аулаушыларды анықтау үшін рейдтік іс-шара жүргізуге шыққан инспекторлар түнгі сағат 4:00-дерде балық аулап жүрген 3 адамды байқаған. Күдіктілердің қайығы 17 шақырымнан соң таяз жерге келіп жүзе алмай қалады, осы кезде жағалау жақтан белгісіз біреу олардың соңына түскен инспекторларға оқ атыпты.

Күдікті қарумен қорқытып, олардың ұялы телефондарын тартып алған, содан кейін із жасырған.

"Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Шардара АПБ-нің полиция қызметкерлері инспекторларға оқ атқан күдіктіні өз үйінен құрықтады. Ол Шардара ауданының тұрғыны, браконьерлердің бірінің әкесі болып шықты. Тәртіп сақшылары ұсталған күдіктіден 16 калибрлі аңшы мылтығы мен жәбірленушілердің ұялы телефонын тәркіледі. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша ҚР ҚК 293-бабы "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды, өз кінәсін толық мойындады",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу