Инстаграм парақшасы зияткерлік меншік ретінде қорғала ма?

858

Орталық коммуникациялар қызметінде зияткерлік меншік мәселесі туралы Әділет министрлігі өкілдерінің қатысуымен баспасөз жиыны өтті, деп жазады inbusiness.kz тілшісі. 

Инстаграм парақшасы зияткерлік меншік ретінде қорғала ма?

"Әлеуметтік желіде интеллеутуалдық ойын айту немесе тауар сату арқылы табыс тауып жүргендер көп. Олар инстаграм желісін кәсіпкерлік нысаны іспетті тіркей ала ма? Қазір біреу оны бұзатын болса, ішкі істер органдары қорғап бермейді ғой", – деп baq.kz сайтының тілшісі Аяжан Мәдибекова ресми өкілдерге сұрақ қойды.

Сұраққа Ұлттық зияткерлік меншік институтының директоры Ермек Қуантыров жауап берді.  

"Инстаграм парақшасы зияткерлік объект бола алмайды. Бірақ әлеуметтік желідегі суретіңіз, ән немесе басқа да туындыңыз, логотип пен атауыңыз зияткерлік меншік құқығымен қорғалады. Оны қорғау үшін "Қазпотентке" өтініш беруіңіз керек. Олар сараптама жүргізгеннен кейін, жеті айдан соң сізге куәлік береді", – деді Қуантыров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу