Intel, Qualcomm және басқалар Huawei-мен ынтымақтастықтан бас тартты

1038

Qualcomm, Intel, Xilinx, Infineon және Broadcom өз өнімдерін Huawei-ге жеткізуге тыйым салды.

Intel, Qualcomm және басқалар Huawei-мен ынтымақтастықтан бас тартты

Google және Huawei арасындағы ынтымақтастық тоқтағаны туралы хабарландыру шыққаннан кейін, тағы бірқатар компания қытайлықтармен жұмыс істеуден бас тартты. Qualcomm, Intel, Xilinx, Infineon және Broadcom өз өнімдерін Huawei-ге жеткізуге тыйым салды.

Bloomberg ақпары бойынша, тыйым салудың әсері АҚШ пен Азиядан тысқары жерлерде сезіле бастады. Nikkei АҚШ-тың тыйым салуы нәтижесінде қытайлық компанияға жеткізуді тоқтатқанын хабарлағаннан кейін,  Германияда дүйсенбі күнгі саудада  Infineon Technologies AG акциялары түсіп кетті. STMicroelectronics NV пен аустриялық AMS AG-ның да акциялары төмендеді.

Infineon өкілі Huawei компаниясының жеткізетін өнімдерінің басым бөлігіне АҚШ шектеулеріне жатпайтынын айтып, бұл чип жасаушы "біздің халықаралық жеткізілім тізбегіне өзгерістер енгізе алады" деп толықтырды. Сондай-ақ    AMS Huawei компаниясына жеткізуді тоқтатпағанын айтты.

Компанияның дүйсенбі күнгі жарияланған мәлімдемесіне сүйенер болсақ, Huawei компаниясы Google Android операциялық жүйесін пайдаланатын клиенттерге қауіпсіздік жаңартуларын және сату қызметтерін ұсынуды жалғастырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу