Интернет арқылы жігітпен танысқан елорда тұрғыны 90 млн теңгесінен айырылды

474

Алаяқтық жасаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты.

Интернет арқылы жігітпен танысқан елорда тұрғыны 90 млн теңгесінен айырылды Фото: Turkystan.kz

Астана қаласы Алматы ауданы №2 аудандық сотының 2023 жылғы 11 қаңтардағы үкімімен ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz astana.sud.kz қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алаяқтық  жасағаны  үшін сотталушы Т.-дан жәбірленуші С.-ның пайдасына материалдық залалды өтеу есебіне 91 млн теңгеден астам қаражат өндірілді. Сот сотталушы Т.-ның жәбірленушімен әлеуметтік желіде танысқанын, хат алмасу барысында өзінің оны ұнатып қалғаны туралы айтып сендіргенін анықтады. Ол өзін банкроттық сатыда тұрған зауыт директорымын деп таныстырған. Сондай-ақ, шындыққа жанаспайтын мәліметтерді, соның ішінде жақын туыстарының қайтыс болғанын хабарлап, қолма-қол ақшаға өте мұқтаж екенін айтып, жәбірленушіні алдаған", - делінген сот хабарламасында.

Өз кезегінде жәбірленуші белгілі бір уақыт аралығында оған онлайн аударымдар арқылы әртүрлі сомада ақша аударып отырған.

"Осындай қылмыстық іс-әрекеттерінің нәтижесінде сотталушы Т. жәбірленушіге 91,6 млн теңге сомасында аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірді. Бұл залал өтелмеген. Сотталған адам апелляциялық шағымында тағайындалған жазаны жеңілдетуді, асырауында кәмелетке толмаған 5 баланың бар екенін, жұбайының жұмыс істемейтінін, сондай-ақ денсаулық жағдайын ескеруді сұрады. Қылмыстық Кодекстің 52-бабына сәйкес апелляциялық сатыда сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды", - деп хабарлады қалалық сот.

Үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу