Интернет-дүкен арқылы коллекциялық монеталар сатып алуға болады

17 ақпан бір топ монеталар сатылымға шығарылады.  

Интернет-дүкен арқылы коллекциялық монеталар сатып алуға болады Фото: nationalbank.kz

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкі хабарлады. 

2023 жылдың 17 ақпанынан бастап ҚҰБ-тың kazcoins.nationalbank.kz/kz интернет-дүкені арқылы коллекциялық монеталар сатыла бастайды. 

Нақтырақ айтқанда:
 - "Дала қазынасы" сериясымен шыққан KIIZ ÚI монеталарында интерференциялы құбылмалы бейнелеу және алтын жалату технологиясы қолданылған. Күмістен жасалған, сынамасы – 925/1000, массасы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы – proof, номиналы – 500 теңгелік, таралымы – 5000 дана.
- "Сиқырлы нышандар" сериясымен шыққан ÓMIR SHEJIRESI монеталарында алтын жалату технологиясы қолданылған.  Күмістен дайындалған монетаның сынамасы – 925/1000, массаcы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61 мм, сапасы – proof, номиналы – 777 теңгелік, таралымы – 7 777 дана. 

- "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясымен шыққан QAJYMUQAN MUŃAITPASULY. 150 JYL, MÁNSHÚK MÁMETOVA. 100 JYL және TALǴAT BIGELDINOV. 100 JYL монеталары мельхиор қоспасынан (МН 25) тұрады. Массасы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, сапасы – brilliant uncirculated, номиналы 100 теңгелік, әрқайсының таралымы – 15 000 данадан. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу