Интернет-дүкенге сеніп, 540 мың теңгесінен айырылды

183

Алаяққа аударған ақшасын полиция қайтарып берді.

Интернет-дүкенге сеніп, 540 мың теңгесінен айырылды Фото: gtn.lenobl.ru

Павлодар облысының Ертіс ауданында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтың арбауына түскен тұрғынға 540 мың теңгесін қайтарып берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ертіс ауылының тұрғыны Instagram желісінен компьютерлер мен олардың қосалқы бөлшектерін арзан бағамен сататын интернет-дүкеннің жарнамасын көрген. Ол WhatsApp арқылы сатушымен байланысып, тауардың бағасы мен жеткізу шарттарын келіскеннен кейін көрсетілген банк картасына 540 мың теңге аударған.

Алайда ақша түскен соң сатушы хабарламалар мен қоңырауларға жауап бермей қойған. Алаяққа тап болғанын түсінген азамат полицияға жүгінген.

Полиция қызметкерлері жедел шаралар жүргізіп, тұрғынның ақшасын толық қайтаруға көмектесті.

Қаражатын қайтарып алған Алексей Николаев полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді. Ол аға жедел уәкіл Әмір Сәдуақасовтың, аға тергеуші Арман Жүсіпбаевтың және тергеуші Алексей Штраубтың кәсібилігі мен жедел әрекетін ерекше атап өтті.

Полиция азаматтарды интернет арқылы сауда жасағанда сақ болуға, бейтаныс сатушыларға алдын ала ақша аудармауға және интернет-дүкендердің сенімділігін тексеруге шақырды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу