Интернет және ұялы телефон арқылы жасалған төлемдер 10 трлн теңгені құрады

1087

Қолма-қол емес төлемдер көлемі тек Ақмола облысында қысқарған. 

Интернет және ұялы телефон арқылы жасалған төлемдер 10 трлн теңгені құрады

2019 жылдың желтоқсан айында Қазақстан аумағында шетелдік эмитеттер мен төлем карталары арқылы жасалған төлемдер  3,5 трлн теңгені құрады, деп хабарлады Ranking.kz.
Бұл қараша айымен салыстырғанда 20,3%-ға жоғары. 

Жалпы 2019 жылы ел аумағындаға қолма-қол емес төлемдер 13,3 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе жоғары. Ал төлем карталары арқылы қолға берілген қаржы көлемі 20%-ға өсіп, 15,9 трлн теңгені құрады. 

2019 жылы интернет және ұялы телефон арқылы жасалған төлемдер 10 трлн теңгені құрады. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 3,4 есе жоғары. Яғни, аталған сегменттің үлесі 52,1%-дан 72,6%-ға өскен.

Бұл реттегі ақша айналымының 26%-ы POS-терминалдарға тиесілі. Осылайша оның көлемі 3,5 трлн теңгеге жеткен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 47,4%-ға жоғары. 

Өңірлер бойынша қолма-қол емес төлемдер көлемі тек Ақмола облысында қысқарған (10,4%-ға). Ал Қызылорда облысында керісінше 5,2 есеге, яғни, 159,1 млрд теңгеге артты. Ал Жамбыл облысында 4,5 есе, Алматы облысында 3,8 есе өскен. Сонымен қатар жалпы төлемдердің жартысынан көбі Алматы қаласына тиесілі (7,3 трлн теңге). Бір жыл ішінде көрсеткіштер 2,1 жоғарылаған. Сонымен қатар көш бастап тұрған қалалар қатарында Нұр-Сұлтан да бар (1,7 трлн). 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу