Интернетте алаяқтық жасаған алматылық әйел ұсталды

Ол әлеуметтік желілерде кешкі отырысқа арналған көйлектерді "саудалаумен" айналысқан.

Интернетте алаяқтық жасаған алматылық әйел ұсталды Фото: astanatv.kz

Күдіктіні Алатау ауданының полициясы қолға түсірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Құқық қорғау органдары оның Instagram әлеуметтік желісінде "біркүндік" парақшалар ашып, әйелдер киімін сататыны жөнінде жалған хабарландырулар жариялағанын анықтап отыр. 

Күдікті сатып алушылардан алдын ала төлем аударуды сұрап, қаражат түскеннен соң байланысты бірден тоқтатқан. Тіпті, аккаунттарды бұғаттап, хат-хабарларды өшірген. 
Қазіргі уақытта күдікті ұсталған, оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, оның осыған ұқсас басқа да интернет-алаяқтық фактілеріне қатысы бары тексерілуде. 
Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Еділхан Байғараевтың сөзінше, мұндай интернет-алаяқтық схемалар күн сайын өршіп барады. 

– Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, жалған интернет-дүкендердің көрінісін жасайды. Осы орайда, тұрғындарды онлайн-сатып алу кезінде барынша сақ болуға, бейтаныс тұлғаларға ақша аудармауға және сатушыларды алдын ала тексеруге шақырамыз, – деді ол.

Полиция мұндай жағдайда азаматтарды жедел ішкі істер органдарына жүгінуге шақырып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу