Интернетте жеке деректердің ұрлануына жол ашқан қостанайлық сотталды

190

Бұл бағдарлама интернет пайдаланушылардың жеке деректерін ұрлауға жол ашқан.

Интернетте жеке деректердің ұрлануына жол ашқан қостанайлық сотталды Фото: Polisia.kz

Қостанай облысының тұрғыны интернетте зиянды бағдарлама таратқаны үшін сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қостанай облысы бойынша ҰҚКД және ПД облыстық прокуратураның үйлестіруімен интернет желісінде зиянды бағдарламаны (вирустарды) таратумен айналысқан 24 жастағы жергілікті тұрғынның құқыққа қайшы әрекеті тоқтатылды.

Зиянды бағдарлама интернет пайдаланушылардың жеке деректерін (логиндер, парольдер, IP-мекенжайлар) алуға мүмкіндік берді. Оларды интернет-алаяқтар қылмыстық жолмен пайда табу үшін қолдана алады.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу