Инвестор Роберт Кийосаки Credit Suisse банкрот болады деп болжам жасады

419

2008 жылы Lehman Brothers-тің құлдырауын болжаған американдық инвестор Роберт Кийосаки Швейцарияның Credit Suisse Банкінің жақын арада банкроттыққа ұшырауын күтуде. 

Инвестор Роберт Кийосаки Credit Suisse банкрот болады деп болжам жасады Фото: kommersant

Бұл туралы ол Fox телеарнасында көрсетілген Cavuto: Cavuto: Coast to Coast ток-шоуының эфирінде мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

"Мәселенің төркіні облигациялар нарығында болып тұр…менің ойымша, келесі жабылатын банк Credit Suisse болады",— деді Кийосаки мырза.

Роберт Кийосаки бүкіл әлемдегі қаржы компанияларының баға ұсыныстарының құлдырауына әкелген АҚШ-тың Silicon Valley Bank (SVB) пен Signature Bank банктерінің жабылуына қатысты түсініктеме бере келе, болжам жасады. Бір-екі күннің ішінде олар нарықтық капиталдандырудан жалпы $465 млрд жоғалтты.

Сонымен қатар, Credit Suisse ұзақ уақыт бойы түрлі қаржылық қиындықтарды бастан кешіп жатқаны белгілі. Мысалы, Archegos Capital мен Greensill Capital банкроттығы сияқты бірқатар жанжалдармен байланысты. Өткен маусымда Credit Suisse Болгар есірткі саудагерлерінің ақшасын жылыстатуға қатысқаны үшін кінәлі деп танылған алғашқы ірі Швейцариялық банк атанды.

Швейцария Банкі 2022 жылды 7,3 миллиард франк таза шығынмен аяқтады, бұл әлемдік қаржы дағдарысы басталған 2008 жылдан бергі ең нашар нәтиже болды. Осы жылдар ішінде Credit Suisse капитализациясы 95%-ға төмендеді. Бүгін банк соңғы жылдардағы қаржылық есептілікті жасау кезінде "елеулі кемшіліктер" табылғанын хабарлады.

Банктің қаржылық есептілігіне қатысты мәселе АҚШ-тың Бағалы қағаздар мен биржалар жөніндегі комиссиясы тарапынан сұрақтар қойыла бастағанннан кейін пайда болды, сондықтан Credit Suisse жылдық есепті жариялауды бірнеше күнге кейінге қалдыруға мәжбүр болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу