Инвесторлар қазақстандық банктердің акцияларын сатып алып жатыр

749

Инвесторлар қазақстандық банктердің акцияларын сатып алып жатыр

Қазақстандық қор биржасында (KASE) Халық банктің акциялары қымбаттауын жалғастыруда деп хабарлайды LS.
15 қаңтар күнгі сауда қорытындысы бойынша акциялардың отандық алаңдардағы құны 105,13 (+5%) теңгеге жетті. Бұған дейін акциялар 100 теңге тұратын. 
Сондай-ақ Қазкомның артықшылық берілген акциялары қарқынды өсе бастаған. Қазком акциялары бір күн ішінде  15%-дан астамға қыбаттап, 119 теңге болды. 
Бұған қоса KASE  индексіне кіретін тағы бес құнды қағаз 15 қаңтар күнгі сауданы жасыл аймақта аяқтады.   
"Қазақтелеком"  акциялары біршама өсуді (+4,4%) көрсеткен. Сонымен қатар  KAZ Minerals (+3,1%) акциялары да қымбаттаған. 
Тағы да үш құнды қағаздың бағасы өскен. Олар "ҚазМұнайГаз" барлау өндіру" (+1,1%), "ҚазТрансОйл" (+1%) және KEGOC (+0,6%) акциялары. 
Тек Kcell (-1,1%) құнды қағазы арзандаған. KASE индексі 2,23%-ға қымбаттап, 2356,61 көрсеткішке жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу