Инвесторларға қолдау көрсететін Kazakhstan Investment House ашылады

194

 Kazakh Invest компаниясының шетелдік өкілдіктерінің саны ұлғайтылады.

Инвесторларға қолдау көрсететін Kazakhstan Investment House ашылады Фото: Үкімет

Бұл туралы Қазақстан-Түркия инвестициялық дөңгелек үстел отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Түрік бизнесімен серіктестікті одан ары дамытуға және инвестициялық қарым-қатынасты барынша кеңейтуге мүдделіміз. Бұл үшін бізде қажетті ресурстар мен мүмкіндіктер жеткілікті. Осы ретте Қазақстан Үкіметі өз тарапынан барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын екендігін атап өткім келеді, – деді Олжас Бектенов. 

Премьер-министр Қазақстан Президентінің тапсырмасымен жаңа инвестициялық цикл іске қосу және сапалы инвестиция көлемін арттыру бойынша шаралар жүргізіліп жатқанын айтты. 

– Осы міндеттерді орындау үшін Қазақстан Үкіметі 2030 жылға дейінгі инвестициялық саясат тұжырымдамасын қабылдады. "Бәйтерек" АҚ-ы ұлттық инвестициялық холдингке трансформацияланып, оның құрамында Investment Board жұмысын бастады. Инвестицияларды одан ары тартуды күшейту мақсатында Kazakh Invest компаниясының жұмыс жүргізу аймағын кеңейтіп, шетелдік өкілдіктерінің санын ұлғайтамыз. Сондай-ақ бір терезе қағдиаты бойынша инвесторларға қызмет көрсету мен қолдаудың бірыңғай ақпараттық орталығы Kazakhstan Investment House ашылатын болады, – деді ол.

Премьер-министр шетелдік бинес өкілдерінің сенімін күшейту мақсатында олардың құқықтарын қорғау үшін Бас прокуратура жанында арнайы комитет құрылғанын және Бас прокурорға инвестициялық омбудсмен құзіреті берілгенін айтты.

– Бұдан бөлек кәсіпкерлер үшін қолайлы орта қалыптастыру аясында Үкімет жанында Инвестициялық штаб жұмыс істеуде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аталған штаб арқылы жалпы құны 115 млрд долларды құрайтын 212 жобаның проблемалық мәселелері өз шешімін тапты, – деді Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу