Иордания астанасында Абай көшесі ашылды

812

Амман қаласында Абай атындағы көшенің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Иордания астанасында Абай көшесі ашылды

Қазақстан Елшісі Айдарбек Тұматов өз сөзінде Иордания астанасының орталық көшелерінің біріне 175 жылдығы қарсаңында қазақтың көрнекті ақыны мен ойшылының есімін беру екі ел арасындағы қарым-қатынастың және бауырлас қалалар – Нұр-Сұлтан мен Амман арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейінің тағы бір дәлелі екенін атап өтті.

Өз кезегінде Амман қаласы муниципалитетінің қамқоршылар кеңесінің мүшесі Исмаил әл-Бустанджи бұл іс-шара бауырлас қазақ халқының мәдениетінің жарқын өкілі болып табылатын классиктің жоғары шеберлігіне деген құрмет екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу