Бұл шара халықаралық азаматтық авиация қауіпсіздігін қамтамасыз ету келісімдері аясында, аймақтағы әскери шиеленістің өсуіне байланысты қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Әуе кеңістігі жабылғандықтан, Иордания арқылы өтетін барлық рейстер тоқтатылды. Авиация басқармасы бұл шешімді жолаушылардың және ұшулардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында қабылдағанын атап өтті.
Сонымен қатар, Израильдің Тегеран, Тебриз, Исфахан, Лурестан және Керманшах қалаларына жасаған әуе шабуылдары салдарынан Иранның жоғары лауазымды әскери тұлғалары мен ядролық ғалымдар қаза тапқан.
Айта кетейік, бүгін 13 маусымда Израиль Иранға әскери соққы жасады. Соның салдарынан азаматтық авиация саласында көптеген рейске қатысты өзгерістер орын алды. Қазақстандық әуе компаниялары Иран мен Иракты айналып ұшатынын хабарлады. Таяу Шығыстағы ахуал ушыққан соң Brent маркалы мұнайдың бағасы бірден өсті. Ал, Қазақстанның Израилдегі елшілігі отандастарымызға шұғыл үндеу жасап, елшілікпен байланыста болуға шақырды.
Иран да үнсіз қалған жоқ. Жауап ретінде бірнеше сағат бұрын Иран да Израиль бағытына 100-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын жөнелтті.