Иордания Королінің ресми сапары кезінде Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

120

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға хабарландыру жасады.

Иордания Королінің ресми сапары кезінде Астанада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі Фото: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 26-27 тамыз күндері Қазақстанға Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Иордания Королі Абдалла II бен әл-Хусейннің Қазақстан Республикасына ресми сапары кезінде (а.ж. 26-27 тамызда) қаланың жекелеген көшелерінде көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Дайындық іс-шаралары арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ ҚР Қарулы Күштерінің, оның ішінде әскери авиация мен техника ресурстарын пайдалану арқылы жүргізіледі. Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарынан халықаралық дәрежедегі маңызды оқиға кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүргізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз",  – делінген ведомство хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу