Иордания тұрғыны ескі техникадан роботтар мен машиналар жасайды

434

Экологияны сақтауға деген ұмтылыс аз-Завахириді сынған электр құрылғыларынан адам таңқаларлық машиналар жасауға шабыттандырды.

Иордания тұрғыны ескі техникадан роботтар мен машиналар жасайды Фото: Anadolu Agency

Иорданиялық Ахмед Нешами әз-Завахири сынған электр құрылғыларының элементтерінен роботтардың, мотоциклдердің, автомобильдер мен пойыздардың күрделі макеттерін жасайды, деп жазады inbusiness.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Эз-Зарка қаласының 36 жастағы тұрғыны оған жарамсыз электр құрылғыларын ұтымды пайдалану идеясы қалай келгені туралы айтып, шығармашылық алаңын көрсетті. Онда ол үйілген металл сынықтарын өндеу жұмыстарының жемісін паш етті.

Әз-Завахиридің айтуынша, ол іскери әкімшілік саласында университеттік білім алып, содан кейін жылжымайтын мүлік нарығына жұмысқа орналасқан. 

Алайда, шығармашылыққа жүрегі жылы тартатын иорданиялық жұмыстан бос уақытта сурет салумен айналысқан.

Әз-Завахири кішкентайынан бір жерде дамыл таппай, белсенді болғанын, әсіресе, жарамсыз заттардан да пайда табуға тырысатынын жасырмады. 

Оның сурет салу қабілеті, экологияға деген жанашырлығы мен еңбекқорлығы сынған электр құрылғыларын кәдеге жарату жолын табуға көмектесті.

Бірте-бірте шығармашылық үлкен белестерге жеткізіп, әз-Завахири мотоциклдердің, пойыздар мен роботтардың үлкен макеттерін жасай бастады. Иорданиялық коронавирустық пандемияның жаңа түрі кезінде бұл іске көп уақыт бөле алғанын айтады.

"Ол кезде менде автокөлік жуатын орын болды, оның жанында неше түрлі қоқыстар жиналатынын байқадым. Содан әлгі дүниелерден адам қызығарлық бір нәрсе жасағым келді, айналаны көркейткеннің несі жаман?!. Алдымен көше бойында, ұзындығы бір шақырым жерде мәңгі жасыл болып қала беретін ағаштарды отырғызудан бастадым. Содан кейін оларға жасанды гүлдерді қостым", - дейді әз-Завахири.

Көлік құралдарының күрделі әрі таңқаларлық макеттерін иорданиялық тура құрастырған жерінде ел назарына ұсынады.

"Экспонаттар" арасында 30 мотоцикл, 20 автомобиль, 12 ұшақ, пойыз бен робот бар. Менің жалғыз мақсатым - эстетикалық көркемдік сыйлау мен экологияны қорғау. Бала кезімнен қоршаған орта мен табиғат алдындағы жауапкершілігімді осылай көрсетуге тырыстым", - деп қосты ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу