iPhone14 бағасы қай елдерде қымбат?

853

Globalproductprices жады 128 Гб болатын iPhone 14 бағасы бойынша әлем елдерінің рейтингін жариялады. 

iPhone14 бағасы қай елдерде қымбат? Фото: google

Оған сәйкес Қазақстан бұл құрылғы ең қымбат тұратын елдердің тізіміне еніп, 74 мемлекеттік арасында 10-орында тұр. Елімізде соңғы үлгідегі iPhone 14 бағасы 1,2 мың долларды құрады, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Ең қымбат iPhone 14 Нигерия (1,7 мың доллар), Түркия (1,6 мың доллар) және Бразилия (1,5 мың доллар) елдерінде. Гаджет арзан тұратын елдер қатарына АҚШ (799 доллар), Канада (807 доллар) және Макао (854 доллар) енді.

ТМД елдерінің арасында Әзербайжан (1,4 мың доллар) мен Украинада (1,3 мың доллар) жады 128 Гб болатын iPhone 14 бағасы Қазақстанға қарағанда жоғары. Ал, Ресей мен Өзбекстанда керісінше салыстырмалы түрде арзан бағаға сатып алуға болады: 1,1 мың доллар.

Comparedial.com деректеріне сәйкес, қазақстандықтар iPhone 14 сатып алу үшін жылдық жалақысының 20,1%-ын жұмсауы тиіс. Бұл көрсеткіш бойынша, яғни жалақыдан гаджет сатып алуға жұмсалатын шығындардың ең көп үлесі бойынша Қазақстан 76 ел арасында 24-орында.

Айта кету керек, iPhone 14 бағасы әлемде ең қымбат Нигерияда азаматтар құрылғыны сатып алуға жылдық жалақысының 69,1%-ын беруге мәжбүр. Смартфонның ең төмен бағасы тіркелген АҚШ-та бұл жылдық жалақының тек 1,8%-ын құрайды. 

Нигериядан басқа антилидерлер қатарында Кения және Бангладеш елдері бар.

ТМД елдері арасында Қазақстаннан басқа бұл рейтингке Армения да енді. Бұл елдің азаматтары  iPhone 14 сатып алу үшін жылдық жалақысының 46%-ын жұмсауға мәжбүр.

Statcounter мәліметтері бойынша (2023 жылдың ақпан айының қорытындысы) отандық смартфондар нарығындағы ең үлкен үлес Samsung-қа тиесілі: 31,58%. Екінші орында Apple смартфондары орналасты: 31,5%. Үштікті Xiaomi құрылғылары қорытындылады: 18,22%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу