Шешімге сәйкес, ипотека пайызын төмендету кейінге қалдырылып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Ипотекалық несие бойынша ең жоғары пайыздық мөлшерлеме кемінде 2026 жылғы 1 шілдеге дейін өзгеріссіз қалады.
Қазір Қазақстанда несиелер бойынша мынадай ең жоғары пайыздар қолданылады:
- кепілсіз несие – 46%;
- кепілмен берілетін несие – 35%;
- ипотека – 25%.
Билік ипотеканың ең жоғары пайызын 20%-ға дейін түсіргісі келген. Бірақ қазан айында негізгі пайыздық мөлшерлеме 18%-ға көтерілген соң, банктер үшін ипотека беру тиімсіз болып қалды. Соның салдарынан көптеген ірі банктер коммерциялық ипотеканы мүлдем тоқтатты.
Ипотека нарығы мүлде тоқтап қалмас үшін, билік пайызды төмендетуді кейінге шегеруді жөн көрді.
Қазір банктерде 20%-дан жоғары пайызбен мақұлданған өтінімдер көп. Егер шекті пайызды қазір төмендетсе, сол адамдар ипотека ала алмай қалуы мүмкін. Сондықтан уақытша бұрынғы деңгей сақталып отыр.
1 шілдеден соң ипотека беру тәртібі өзгереді:
- бастапқы жарна көлеміне;
- несие алу мерзіміне;
- сатып алынатын үйдің бағасына байланысты болады.
Яғни, ипотека пайызы әр адамға жеке есептелетін жүйеге көшуі мүмкін.