Ипотека "рәсімдейтін" 25 жастағы алаяқ ұсталды

493

Өскемен қаласының полицейлері ипотеканы "рәсімдеуде" делдалдық қызмет көрсетуге уәде берген Катонқарағай ауданының 25 жастағы тұрғынын ұстады. 

Ипотека "рәсімдейтін" 25 жастағы алаяқ ұсталды

Осылайша, ол облыс орталығының 5 тұрғынын алдаған. Ер адам алаяқтық әрекеттерді белгілі бір схема бойынша жүргізген, алдымен ол азаматтардың сеніміне кіріп, содан кейін, алдын-ала төлем жасауды сұраған. Ақшаны алғаннан кейін ол жәбірленушілердің нөмірлерін бұғаттаған. 

Тергеу барысында Өскемен қалалық ПБ Үлбі ПБ КПБ қызметкерлері оның жылжымайтын мүлік саласына ешқандай қатысы жоқ екенін, ал ақшаны өз қалауы бойынша жұмсағанын анықтады. 

– Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде күдікті ұсталды. Ұсталған азаматқа қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сондай-ақ ұсталған адамның басқа да осындай құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Залалдың жалпы сомасы 17,5 миллион теңгені құрайды, – деп жазылған Өскемен қалалық полиция басқармасының ақпаратында.

Таунар Қайратұлы

Фото: polisia.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу