Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімінің кезекші бөліміне қала тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Оның айтуынша, бір әйел оның сеніміне кіріп, ипотека рәсімдеуге көмектесуге уәде беріп, 3 миллион теңгеден астам ақшасын иемденіп кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жәбірленушінің айтуынша, 2023 жылдың желтоқсан айында ол тұрғын үй сатып алуға жәрдемдесу қызметтері туралы жарнаманы көрген. Алайда күдікті ақшаны алғаннан кейін байланысқа шығуды тоқтатқан.
Полиция азаматтарды қырағы болуға шақырады. Күмәнді хабарландыруларға сенбеуді және ресми шартсыз белгісіз адамдарға ақша бермеуді ескертеді.