Ипотекалық несиелердің 75 пайызы ТҮҚЖБ-ға тиесілі

388

Ипотекалық несиелердің 75 пайызы ТҮҚЖБ-ға тиесілі

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) салымшыларының депозит базасы осы жылы 30%-ға артты. Қазіргі уақытта банкте 477,3 млрд теңгенің 988 152 депозиті бар. Осылайша ТҮҚЖЖБ ұзақмерзімді салымдар нарығында 1-орынға ие болып отыр, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі. 

Елдегі барлық ипотекалық несиелердің 75%-ын Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі берген. 2017 жылдың 9 айында қазақстандықтар үйлі болу үшін екінші деңгейлі банктерден 223 млрд теңге алса, оның 168 млрд теңгесін ТҮҚЖБ бөліп отыр. Жалпы жыл басынан бері 28 990 қазақстандық отбасы ТҮҚЖБ көмегімен тұрғын үй жағдайын жақсарта алған. Бұл туралы бүкіләлемдік жинақ күніне орай ұйымдастырылған, 2017 жылдың 9 айындағы банк қызметінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихат барысында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова хабарлады.

"Халық банктің сенімді болғанын және табыс әкелгенін қалайды. Банк сенімділігі несие қоржынының сапасына және депозит ресурстарының қайда орналасқанына тәуелді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде уақтылы төленбей, мерзімі 90 күннен өтіп кеткен заемдар, яғни NPL деңгейі 0,33%-ға тең. Бұл – елдегі екінші деңгейлі банктер арасындағы ең үздік көрсеткіш. Депозит бойынша табыстылықтың жылдық мөлшерлемесі 2%-ға тең. Бұған қоса салым ақшасына жыл сайын мемлекет тарапынан 20% көлеміндегі сыйлықақы да қосылады. Осы жылы мемлекеттік сыйлықақының ең жоғарғы сомасы 90 760 теңгені құрады. Яғни жылына 450 000 теңгеге дейін ақша жинай алатын адамдар үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ең үздік шарт – жылдық мөлшерлемесі 22%-ға жуық табыстылық ұсынып отыр", - деп атап өтті Ләззат Ибрагимова. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу