Ипотекасы барларға үш ай кеңшілік беріледі

1037

Егер "7-20-25" пен "Баспана хит" бағдарламалары арқылы үй алған азаматтар төтенше жағдай режимі кезінде зардап шеккен болса, онда оларға 5 қаңтардан 5 сәуірге дейін кеңшілік беріледі. Ол үшін не істеу керек? 

Ипотекасы барларға үш ай кеңшілік беріледі

"Ипотеканы төлеуді кейінге қалдыру үшін қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын құжаттарды өткізіп, банкке өтініш жазу қажет. Өтінішті электронды пошта, "банк-клиент" онлайн-жүйесі, интернет-ресурс, мобильді қосымша арқылы немесе банк бөлімшесіне бару арқылы бере аласыздар. Өтініштер 10 жұмыс күні ішінде қаралады. Мақұлданған соң кешіктіріп төлегендердің кредиттік "тарихы" бұзылмайды.Яғни өсімпұл мен айыппұл қосылмайды", – деп хабарлайды "Қазақстанның орнықтылық қоры" компаниясы.

Кейінге қалдыру туралы өтініштер 2022 жылғы 4 сәуірге дейін қабылданады.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2022 жылғы 10 қаңтардағы бұйрығымен төтенше жағдайды енгізу нәтижесінде зардап шеккен жеке және заңды тұлғалардың қарыздары бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды ұсыну тәртібі бекітілген болатын. 

"Қазақстанның орнықтылық қоры" – Ұлттық банктің еншілес ұйымы екенін айта кетейік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу