"iQyzmet" ақпараттық жүйесі іске қосылады

1109

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі кадрлық шешімдерді цифрландыруға көшпек.  

"iQyzmet" ақпараттық жүйесі іске қосылады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте агенттік төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев мәлім етті, деп хабарлады inbusiness.kz порталы.

Оның айтуынша, мемлекеттік басқару саласына "кадрлық стратегия" және "кадрлық жоспарлау" деген ұғымдар енгізілмек.

"Адам ресрустарын басқаруда қағазбастылықтан арылып, цифрландырылған қызметке көшуді ұсынып отырмыз. Бұл мақсатта "iQyzmet" ақпараттық жүйесін құрмақшымыз. Аталған ақпараттық жүйе кадр мәселесіне байланысты барлық үдерістерді автоматтандыруға көмектеседі", - деді Дархан Жазықбаев.

Сонымен қатар агенттік төрағасының орынбасары жекелеген саяси қызметке үміткерлерді іріктеу тәртібі де өзгеретінін мәлім етті.

"Жекелеген саяси лауазымдарға үміткерлердің құзыретін бағалайтын орталық құрылмақ. Сондай-ақ, келісімшарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің институты да ашылады. Бұл мемлекеттік бастамалар жүзеге асыру кезінде кәсіби мамандарды тартуға мүмкіндік береді", - деді Дархан Жазықбаев.

Құралай Құдайберген

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу