Ирак әскерінің бөлімдері Мосулға басып кірді

851

Ирак әскерінің бөлімдері Мосулға басып кірді

Ирак әскерінің құрылымдары Мосулға басып кірді. Бұл туралы оқиға орнынан британдық Би-би-си телерадиокорпорациясының тілшісі хабарлады, деп жазды "Интерфакс-Казахстан". Оның мәліметтері бойынша, "ДАИШ" содырлары жойқын қарсылық танытуда. Бұдан бұрын АҚШ басқаратын халықаралық коалицияның қарауындағы ұшақтар Мосул маңында  ДАИШ лаңкестерінің атқылауына тап болған еді.  Атап айтқанда, әуе соққылары  Годжали ауданында, қаланың шығысындағы нысандарға жасалған.  Қазанда Ирак үкіметі 2014 жылдан бері  ДАИШ-тың бақылауында отырған Мосул қаласына шабуылды бастайтындығын мәлімдеген.  Операцияны  АҚШ басқаратын халықаралық коалицияның жетекшілігімен ирак армиясы, күрд жасақтарының отрядтары жүргізіп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу