Ирак "Лукойлға" мұнай жеткізуді тоқтатты

64

"Батыс Курна-2" кен орны акцияларының 75%-ы "Лукойлға"тиесілі. 

Ирак "Лукойлға" мұнай жеткізуді тоқтатты Фото: Essam Al-Sudani, Reuters

Ирактың SOMO мемлекеттік компаниясы ресейлік "Лукойл" компаниясына қараша айында жеткізілуі тиіс болған шикі мұнайдың үш партиясын жеткізуден бас тартты. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Caliber.az-ға сілтеме жасап.

БАҚ-тың хабарлауынша, мұндай шешім АҚШ-тың "Лукойлға" енгізген санкцияларына байланысты қабылданған. "Лукойл" Ирактағы "Батыс Курна-2" кен орны акцияларының 75%-ына иелік етеді. Мұнай жеткізу 11, 18 және 26 қарашаға жоспарланғанымен, алайда бұл процесс шектеулерге байланысты тоқтатылды.

"Лукойл" компаниясы әлемдегі ең ірі мұнай өндірушілердің бірі болып саналады. Кәсіпорын дүние жүзіндегі мұнай өндірісінің шамамен 2%-ын қамтамасыз етеді. "Батыс Курна-2 жобасы" – компанияның шетелдегі ең ірі активі.

Ресейдің мұнай компаниясы Батыстың жаңа санкцияларына байланысты халықаралық нарықта айтарлықтай кедергілерге тап болды. Дереккөздердің хабарлауынша, АҚШ пен Ұлыбритания енгізген шектеулер компанияның Ирактағы мұнай тасымалына ғана емас, Финляндиядағы мұнай айдау станцияларының жұмысын және Швейцариядағы саудасын қиындатты. 

Айта кету керек, бұған дейін Қытайдың ірі компаниялары ресейлік мұнайдан бас тартып жатқанын жазғанбыз. Түркия Ресей мұнайына балама тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу